Бүгін Жұбанов университетінде «Бизнес пен ғылымды интеграциялау: коммерцияландыру курсы» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Диалог алаңына Ақтөбе облысының кәсіпкерлері, компания басшылары, университет басшылығы мен профессор-оқытушылар, жас ғалымдар қатысты.
Басқарма мүшесі, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров ғылым мен бизнестің байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған жиын ғалымдар үшін тиімді мүмкіндік екенін атап өтті.
Жиынға онлайн қосылған «Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары Әлия Сембаева жыл сайын ғылым саласына мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі артып келе жатқанына тоқталды. 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс туралы баса айтты. Ғалымдар мен бизнес өкілдерін белсенді атсалысуға шақырды.
Өз кезегінде «Пакер KZ» директоры Еркебұлан Туребеков бизнес саласы университетпен тығыз жұмыс жасауы қажет екенін айтып өтті.
– Бизнес саласындағы ғылыми жобалар ұзақ мерзімді жетістікке жеткізеді. Тек қорықпай жұмыс жасау қажет. Біздің мақсатымыз – қоғамға пайда әкелу. Бұл ретте бірі-бірімізге қолдау таныту маңызды, — ол.
Кездесу барысында университет ғалымдары өздерінің ғылыми әзірлемелерін таныстырды.