Воскресенье, Апрель 21, 2024
Басты > Жаңалықтар > Малайзиялық профессорлар Heriot-Watt филиалының студенттеріне дәріс оқыды

Малайзиялық профессорлар Heriot-Watt филиалының студенттеріне дәріс оқыды

Heriot-Watt университетінің Малайзиядағы филиалынан келген профессорлары Юэнкиат Яп, Ли Вен Нам Жұбанов университеті базасында орналасқан британдық университет филиалының студенттеріне физика және химия пәндері бойынша дәріс өткізуде. Ғалымдар студенттермен пікір алмасып, өздерінің ғылыми тәжірибелерімен бөлісті.
Профессорлар академиялық құрамның мүшесі болуымен қатар, белсенді түрде ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. Физика пәні бойынша дәріс беретін Яп Юэнкиат медициналық және радиациялық физика, лазер және фотоника, оптика, лазер және плазма физикасы тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.
«Ақтөбедегі Heriot-Watt филиалының білім алушылармен, профессор-оқытушылар құрамымен танысқаныма қуаныштымын. Серіктестік аясында атқарылған жұмыстар студенттердің білім деңгейінен көрініп тұр. Алдағы уақытта физика пәні бойынша білімдерін жетілдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асырамыз деген үміттемін», — дейді профессор Яп Юэнкиат.
Heriot-Watt университетінің Малайзиядағы кампусында химия пәнінен дәріс беретін профессор Ли Вен Нам аналитикалық химия бағыты бойынша ғылыми зерттеулер жүргізген. Ақтөбедегі Хериот-Уатт филиалы студенттерінің білімге деген құштарлығы ерекше екенін айтты.
Айта кетейік, британдық Heriot-Watt университетінің Эдинбург, Дубай, Малайзия және Ақтөбе қаласында филиалдары бар. Күзгі семестрде Эдинбург және Малайзия кампусының профессорлары жоспарға сәйкес Ақтөбе филиалында ғылыми жобалармен айналысып, тәжірибе алмасу және студенттерге дәріс беру мақсатында бірнеше рет келді.