Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Хериот-Уатт халықаралық филиалының студенттеріне ID карталар табысталды

Хериот-Уатт халықаралық филиалының студенттеріне ID карталар табысталды

Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында орналасқан Хериот-Уатт филиалының білім алушыларына салтанатты түрде ID карталар табыстау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Халықаралық даму бөлімінің басшысы Джаред Филиппи, Халықаралық даму жобаларының менеджері Беата Кристал, университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Людмила Мясникова қатысты.

Джаред Филиппи бұл карталар арқылы филиалдың студенттері Хериот-Уатт университетінің кез келген кампусына кіре алатынын атап өтті.
— Бұл карта сіздің Хериот-Уатт университетінің студенті екеніңізді дәлелдейді. Енді сізде британдық университеттің Шотландия, Дубай, Малайзиядағы кампустарында білім алу мүмкіндігі бар. Сіздерге сәттілік тілеймін, — деді ол.

Айта кетейік, бұл Хериот-Уатт студенттеріне берілген екінші ID карта. Жаңа оқу жылында білім алушыларға Жұбанов университетінің карталары берілген болатын. Студенттің ID картасы студенттік билет, жоғары оқу орнының ғимаратына рұқсаттама және оқырман билеті ретінде қолданылады.