Среда, Май 22, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > Kazrockets Satellite Design Tournament 2024

Kazrockets Satellite Design Tournament 2024

Қазақстан Республикасцифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің қолдауымен Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетімен бірлесіп спутниктерді әзірлеу және құрастыру бойынша жарыс.

1 тур: Онлайн біліктілік (2024 ж. 18 наурызына дейін)

Қатысушылар шағын спутниктің 3D моделін жасайды. Бұл тек техникалық білімді ғана емес, сонымен қатар дизайнға шығармашылық көзқарасты қажет етеді. Олар спутникті пайдалану идеясын ұсынады және оның өзектілігі мен практикалық құндылығын негіздейді. Қазылар алқасы 2 турға қатысатын үздік 10 команданы таңдайды.

2 тур: Астана қаласында Офлайн-хакатон (2024 ж. 10-12 сәуір)

Шағын спутникті белгіленген өлшемдер мен салмақтар шеңберінде 24 сағат ішінде құрастыру зымыран тасығыш.

Регистрация жасау https://qtap.kz/kazrockets

Өтетін орны: Қазақстан Ғарыш Сапары, Астана қаласы

Мақсатты аудитория: 16-21 жас аралығындағы қазақстандық жастар

Жарыстың мақсаты — ғарыш саласының өсуін ынталандыру үшін аэроғарыштық технологияларды дамытуға қызығушылықты ояту.

KAZROCKETS қоры — Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1000-нан астам оқушыны зымыран ғылымына оқытып, аэроғарыштық жарыстар мен хакатондар өткізген алғашқы зымыран құрылысы және авиамодельдеу қоры.