Вторник, Июнь 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жұбанов университеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Жұбанов университетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Дархан Мүсіров тарих факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында Дархан Мүсіров студенттердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды екенін атап өтті. Ол пара алушылық фактілері жайында мысал келтіріп, оған қандай шаралар қолданылатынын баяндады. Студенттерге сессия уақытында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа, арандатушылыққа жол бермеуді, оның салдары ауыр болатындығы жөнінде мәлімдеді.

Комплаенс жетекшісі студенттермен пікір алмасып, жемқорлық фактілері орын алған жағдайда аталған қызметке хабарласуды сұрады.