Вторник, Июнь 25, 2024
Басты > Жастар саясаты > Алғыс айту – парызым

Алғыс айту – парызым

Осындай тақырыппен бүгін Жұбанов университетінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті.

Шараға серіктес компаниялардың басшылары, меценаттар, мектеп директорлары, белсенді студенттердің ата-аналары, университет басшылығы, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты.

Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, бұл шараның маңызы жоғары екенін атап өтті. – Мереке қарсаңында оқу орнымен тығыз байланыста жұмыс жасайтын, студенттерімізге әлеуметтік қолдау көрсетіп келе жатқан компания басшылары мен меценаттарымызға, оқу процесін, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметті қамтамасыз етіп отырған факультет филиалдарының басшыларына, университеттің белсенді студенттері мен ата-аналарына алғыс айтуды жөн көрдік. Сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, — деді ол.

Шарада университеттің 50-ден астам студенті оқу ақысына 100, 50, 25 пайыз жеңілдік берілген сертификатқа ие болды. Сондай-ақ, ақшалай жеңілдіктер берілді.

Сонымен қатар жиында компания басшыларына, меценаттарға, кафедра филиалдарының басшыларына, белсенді студенттердің ата-аналарына Басқарма төрағасы-Ректордың Алғыс хаттары табысталды.