Среда, Май 22, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов университеті студенті Қазақстан Республикасы чемпионатында бірінші орын иеленді

Жұбанов университеті студенті Қазақстан Республикасы чемпионатында бірінші орын иеленді

Жуырда Қарағанды қаласында жауынгерлік жекпе-жектің аралас турнирі (ММА) бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Чемпионатта Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының 4 курс студенті Динара Аяпова 57 кг салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Динара қазан айында Үндістан мемлекеті және Ташкент қаласында өтетін Азия және Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Жас спортшы бұл спорт түрімен 6 жылдан бері айналысып келеді. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Аралас жекпе-жектен (ММА) Қазақстан Республикасы Чемпионатының жастар арасында үш дүркін чемпионы. Сонымен қатар аралас жекпе-жектен және панкратион спорт түрі бойынша спорт шебері.

Динара Аяпованы жетістігімен құттықтаймыз!