Среда, Май 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

Бүгін Жұбанов университеті басшылығы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілімен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина Батыс өңіріндегі іргелі оқу орнымен серіктестік орнату өкілдіктің қалыптасуындағы маңызды оқиғалардың бірі деп атап өтті. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға дайын екенін жеткізді.

Кездесуде тараптар ынтымақтастық аясында жүзеге асатын бірлескен іс-шараларды талқылады. Олардың қатарында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастыру, қонақ дәрісін өткізу, құқықтық сауаттылықты арттыру бағыттары бойынша шаралар туралы айтылды.