Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумы

Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумы

12-13 желтоқсанда Сиань қаласында Конфуций институттарының XII бүкіләлемдік форумы өтті. Қытай Халық Республикасының Премьер-Министрі, Мемлекеттік Кеңес мүшесі , Конфуций институттарының Бас кеңесінің төрайымы Лю Яндун ханымның қатысуымен өткізілген форумға 140-тан астам мемлекеттің Конфуций институттары мен кластарының өкілдері, университет ректорлары барлығы 2500 адам қатысты.

Лю Яндун ханым өз сөзінде, ҚХР  Төрағасы Си Цзиньпиннің айтуы бойынша Конфуций институты басқа елдермен мәдениет алмасу аясында достық көпіріне айналып отыр. Конфуций институты тек Қытайға ғана емес, бүкіл әлемге де тиесілі. Конфуций институты өзінің құрылған сәтінен бастап ортақ дамуды көздеді және басқа ел халықтарымен Қытай Халық Республикасының халықтары арасындағы достықты нығайтуда үлкен үлес қосты деп мәлімдеді.

Форумға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институтының Қазақстан тарапынан директоры Шоқым Гүлжан Тыныштықбайқызы мен Қытай тарапынан директоры Ли Цзяньхун қатысты.

Форум тақырыбы «Ынтымақтастықты тереңдету, инновациялық даму және барлық адамзатқа ортақ тағдыр қауымдастығын құру үшін күш салу». Осы форум аясында Конфуций институттарын дамыту, барлық адамзатқа ортақ тағдыр қауымдастығын құру тақырыптары бойынша институционалдық талқылаулар, 15 секторда өткізілген қытай және шетел университеттері ректорлары мен Конфуций институты директорлары қатысуымен өткізілген конференциялар ұйымдастырылды.

Бүкіләлемдік Форум шеңберінде ұйымдастырылған VI Конфуций институттарының директорлары конференциясында  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы Конфуций институты Қытай тарапынан директоры Ли Цзяньхун «Конфуций институттарының бизнес өкілдерімен серіктестігін нығайту» тақырыбында баяндама жасады.

Екі күнге созылған форумда Конфуций институттарының қытайлық және шетелдік кәсіпорындармен әріптестігі, «Бір белдеу, бір жол» экономикалық стратегиясын жүзеге асырудағы Конфуций институтының рөлі және т.б. тақырыптар бойынша талқылаулар жүргізілді.