Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Доктор Марсело Лопес тәжірибесімен бөлісті

Доктор Марсело Лопес тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінде Доктор Марсело Лопес докторанттар, магистранттар және жас ғалымдармен кездесіп, «Әдебиет шолу өнерін меңгеру: диссертациялық зерттеу» тақырыбында дәріс өткізді.

Марсело Лопес – ауыл мектептеріндегі оқыту тәжірибесіне ғылыми қызығушылық танытқан PhD доктор. Ол сонымен қатар CELTA (Кембридж университеті) сертификатталған ағылшын тілі мұғалімі.

Жиын барысында Марсела Лопес қатысушыларға диссертациялық жұмыстары және ғылыми зерттеулері бойынша әдебиеттік шолуды қалай жүргізу керектігі жайында айтып, тәжірибесімен бөлісті.