Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жазғы семестрге қатысуға өтініштер қабылдау туралы

Жазғы семестрге қатысуға өтініштер қабылдау туралы

Жазғы семестрге қатысуға өтініштер 2024 жылы 29 сәуірден 27 мамырға дейін SMART ARSU мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.

Жазғы семестр ақылы негізде ұйымдастырылады және білім алушыларға жазғы семестр пәндерінің кредиттеріне 100% ақысы төленгеннен кейін рұқсат беріледі.

SMART ARSU мобильді қосымшасы арқылы жазғы семестрге қатысуға өтініш беру:
1. «SMART ARSU» мобильді қосымшасы;
2. «СТУДЕНТ» рөлінде кіру;
3. «СҚКО» батырмасына кіру;
4. «Жазғы семестрге қатысуға өтініш» таңдау;
5. көрсетілген ұяшықтарды толтыру (кредиттер саны көрсетілген пәндердің атаулары), кредитке төленген түбіртекті тіркеу және «ЖІБЕРУ»;
6. өтінішті негізгі мәзірдегі «МЕНІҢ ӨТІНІШТЕРІМ» батырмасынан бақылау;
7. өтінішті қабылдамаған жағдайда себебін білу үшін ПІКІРДІ (комментарий) ашып қарау;
8. қажет болған жағдайда өтінішті қайта беру.

Қосымша сұрақтар бойынша көрсетілген нөмерлерге хабарласуыңызға болады:
8 (7132) 562896
+ 7 708 471 6548