Суббота, Июль 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Стартапшылар Enactus ұлттық кубогында өз бизнес жобаларын таныстырды

Стартапшылар Enactus ұлттық кубогында өз бизнес жобаларын таныстырды

Жуырда Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Enactus World Cup Kazakhstan мектеп және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың ұлттық кубогы өтті.
Онда Қазақстанның 20 өңірінен келген оқушылар мен студенттер өзінің бизнес-жобаларын таныстырып, үздіктері жүлделі орындарға ие болды.
Аталған шарада «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында Жұбанов университетінің Start Up Academy резиденттері өз жобаларын таныстырды. Нәтижесінде 2024 жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін Enactus World Cup Global жобалар көрмесіне қатысуға команда жетекшілері Әсем Амантаева «Қазақ тілінде сөйлейтіндерге арналған сапалы білім беру мазмұны – Qazaqlish» жобасымен және Еламан Ток «Салауатты өмір салтын сақтау үшін органикалық түрде өсірілген микрожасылдар — Micro greens» жобасымен жолдама ұтып алды.
Сонымен қатар олар BigIdeasCamp жазғы лагеріне қатысады. Жазғы лагерге Нұрдәулет Жұмахметке де «Қосымша білім берудегі серіктес- Uniwita» жобасы бойынша жолдама берілді. Лагерь қатысушылары бір апта ішінде өз идеяларын жетілдіруге және оларды жүзеге асыру үшін қаражат алуға мүмкіндік алады.
Enactus студенттік кәсіпкерліктің әлемдік кубогы — Қазақстанда жастар бизнесін дамытуға қуатты серпін беретін жоба. Бағдарлама қатысушылары әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешудің инновациялық тәсілдерін ұсынды.