Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбановшылар спорттық тимбилдингке қатысты

Жұбановшылар спорттық тимбилдингке қатысты

Триатлон саябағында Жұбанов университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Zhubanov Run» шарасы өтті.

Спорттық-бұқаралық шараға университет ректоры Лаура Қарабасова да қатысты. Ректор ұжым арасындағы ынтымақтастықты жетілдіруде мұндай тимбилдинг өткізудің маңыздылығын атап өтіп, бұқаралық спортты қолдаушыларға сәттілік тіледі.

Шараға қатысушылар 2,5 км қашықтықты еңсерді. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Сонымен қатар жас категориясы және гендерлік санат бойынша жүлделі орын иегерлері диплом, медаль және демеушілердің сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кетейік, шараға Ақтөбе қаласы әкімдігі және Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті, Ақтөбе қаласының Триатлон федерациясы қолдау көрсетті.