Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде

Шетелдік талапкерлерге кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде

Жұбанов университетінің кәсіби бағдар беру тобы Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының астанасы Нүкіс қаласындағы мектептерде өз жұмысын бастады.

Бұл жұмыстар Қарақалпақстан Білім министрлігімен алдын ала келісім негізінде жүргізіліп отыр. Алғашқы күні университет өкілдері қарақалпақ, орыс және қазақ тілдерінде оқытылатын қаланың төрт мектебінің түлектерімен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында оқу ақысына жеңілдіктер беру, жатақханаларда тұру, көші-қон мәселелерін шешу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кәсіби бағдар беру тобы Жұбанов университетінде биыл шетелдік студенттерге 50% жеңілдік қарастырылғанын және талапкерлерді әңгімелесу негізінде қабылдайтынын атап өтті. Өз кезегінде түлектер Қазақстанда білім алуға қызығушылық танытатындарын жеткізді.