Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Zhubanov University халықаралық кампус ашу тәжірибесімен бөлісті

Zhubanov University халықаралық кампус ашу тәжірибесімен бөлісті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде еліміздегі жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Азаматтық авиация академиясы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеттерінің проректорлары мен құрылым басшылары қатысты.

Жиында Жұбанов университеті Heriot-Watt халықаралық кампусын ашу тәжірибесімен бөлісті. Семинар қатысушылар үшін ашық пікір алмасудың және құнды тәжірибемен бөлісудің алаңына айналды.

Стратегиялық даму жөніндегі проректор Дастан Хусаинов меймандарға Жұбанов университетінің тарихын таныстырып, Heriot-Watt университетімен бірлескен жобаны жүзеге асырудың кезеңдері туралы баяндады. Ал академиялық сұрақтар бойынша университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Людмила Мясникова баяндама жасады. Сондай-ақ, басқарма мүшелері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Heriot-Watt халықаралық кампусының жоба жетекшісі Ғалымжан Төлеушов қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтты. Сонымен қатар семинар барысында қабылдау комиссиясының жұмысын тиімді ұйымдастыру, «Болашақ» бағдарламасы арқылы мамандарды даярлау, нормативтік құжаттарға еңгізілген өзгерістер, оқу процесін жүзеге асыру, екі мемлекеттің стандарттарын сәйкестендіру мәселелері талқыланды.

Меймандар университет ғимараттарын аралап,Heriot-Watt халықаралық кампусымен танысты.

Семинар қатысушылары университет ғимараттарын аралап, Heriot-Watt халықаралық филиалының оқу кампусымен танысты.