Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жастар саясаты > Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылары польшадан оралды

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылары польшадан оралды

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылары университеттің Кәсіби — шығармашылық факультетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-4 курс студенттері Көбеген Айдосұлы, Аслан Бажиров, Нұрат Жолдыбай, Әсет Нигметов, Ерен Ерболұлы және Тарих факультетінің «Туризм» мамандығының студенттері Айгерім Мұхтарова, Эльвира Жолдыбаева Польша Республикасы Быдгощ қаласының Экономика университетіне барды.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге бір семестр көлемінде шетелде оқып, білім алу тәжірибесі мен барлық әлем елдері студенттерімен байланысу мүмкіндігін берді. Шетелде білім алу бойынша университет студенттерінее тәуелсіздік, ұстамдылық, сенімділік қабілеттерін дамытуға үлкен себебін тигізді.
Польша Республикаснан оралған студенттер шетел жоғары оқу орнында оқуға мүмкіндік алғаны үшін университет басшылығы мен ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Оқудан оралған олар өздерінің оқу бағдарламасы мен оқытушылары туралы жылы сөздерін, Польша мәдениетімен танысқанынан алған әсерімен бөлісті.

Айта кететін жайт, университеттің Академиялық ұтқырлық бағдарламалар бөлімі Еуропа жоғары оқу орындарына грант және стипендия алу байқауының ашық екенін айтып, құжаттар 2017 жылдың 25 шілдесіне дейін қабылданатынын жеткізді.