Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Күміс университет» жобасы аясында «Қазақ тілі» курсы басталады

«Күміс университет» жобасы аясында «Қазақ тілі» курсы басталады

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Күміс университет» жобасы аясында 40 жастан асқан тұлғаларға арналған «Қазақ тілі» курсы (ақысыз) басталады.

Курсқа тіркелу 24 мамырға дейін жүргізіледі. Ол үшін Ә.Молдағұлова даңғылы, 34А мекен-жайы бойынша орналасқан Инновациялық-технологиялар паркі, 19 кабинетке (3 қабат) жолығуыңыз қажет. Орын саны шектеулі. Қажетті құжат жеке куәлік көшірмесі.

Курстың басталуы: 27 мамыр, 2024 жыл.

Курстың ұзақтығы: 5 апта (36 сағат)

Курс соңыңда тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Байланыс нөмері: +7 775 429 3729