Четверг, Июнь 13, 2024
Басты > Жаңалықтар > Мектеппен байланыс: Жұбанов университеті инклюзивті білім беру бойынша қолдау танытады

Мектеппен байланыс: Жұбанов университеті инклюзивті білім беру бойынша қолдау танытады

Жұбанов университеті Темір ауданы Шұбарқұдық қаласындағы Ж.Ж.Кереев атындағы жалпы орта білім беретін мектебімен инклюзия бойынша шаруашылық келісім жасады.

Мектеп өкілдері университетке келіп, педагогика және білім берудегі менеджмент факультетінің басшылығымен кездесті.

Кездесуде тараптар алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жүргізу және инклюзивті білім беруге қолдау таныту мәселелерін талқылады.

Мектеп өкілдері қазіргі таңда мектепте 30-ға жуық ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар бар екенін, сондықтан инклюзивті білім беру бағдарын, жеке даму бағдарламалар әзірлеуде қолдаудың және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Келісім аясында «Ерекше білім беру қажеттілігі бар  балалардың  мектеп өміріне бейімделуіне педагогикалық қолдау жасау арқылы жағымды орта қалыптастыру» тақырыбы бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, университет оқытушылары мектеп мұғалімдеріне біліктіліктерін арттыру бойынша курстар өткізіп, семинарларда тәжірибе алмасады. Магистранттардың мектеп базасында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуі жоспарлануда.