Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «START-UP-2017» жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

«START-UP-2017» жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды

Өткен аптада университетте алғаш рет ұйымдастырылған «START-UP-2017» жобалар байқауының шешуші кезеңі өтті. Аталмыш байқау ағымдағы жылдың 1 қарашасы мен 15 желтоқсан аралығында үш кезеңге бөліп өткізілді.

Бірінші кезең бойынша байқау факультеттерде өткізіліп, 43 үздік жобалар факультет кеңесінің отырысында екінші кезеңге ұсынылған болатын, ал комиссия шешімімен үшінші шешуші кезеңге 16 жоба жіберілді.

Жобаларды бағалау комиссия құрамына  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ AФ директоры Г.К.Ерғазина, «Шаңырақ» білім беру кешенінің ғылыми қоғамының жетекшісі Л.М.Юрчик, Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы қаржылық емес қолдау бөлімінің бастығы  Е.М. Нұрғалиев қатысып, жобаларға әділ бағаларын берді.

«START-UP-2017» жобалар байқауының нәтижесі бойынша  1-орынды «Ақылды балабақша» (жоба жетекшісі Төребаева Клара Жаманбайқызы), 2-орынды «Летняя школа юных программистов» (жоба жетекшісі Жүнісқалиев Талғат Тоқашұлы), 3-орынды «COREL DRAW бағдарламасы арқылы қолөнер бұйымдарын жасаудың ерекшеліктері» (жоба жетекшілері Кемалова Гүлжанат Балтабекқызы, Қобланов Қонысбек Райсұлы) иеленді.

Байқау жеңімпаздарын Студенттер сарайында өткен мерекелік шарада университет ректоры арнайы марапаттады.