Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Zhubanov university студенттері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуде

Zhubanov university студенттері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуде

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері Ақтөбе облысы әкімдігінің ұсынысымен су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың баспаналарын, мал-мүлкін қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуда. Атап айтқанда, техникалық факультеті, «Көлік техникасы, тасымалды ұйымдастыру және құрылыс» кафедрасы, «құрылыс» білім бағдарламасының студенттері құрылыс жұмыстарына, мүлікті бағалау және сметалық есеп жұмыстарына көмектесіп, тәжірибелерін шыңдауда.

3-курс студенті Дәулет Нұрболат тәжірибеден өтіп жатқан білім алушыларға барлық жағдай жасалып жатқандығын айтады.
— Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың мал-мүлкін қайта қалпына келтіру жұмыстарына байланысты өндірістік тәжірибеден өту мерзімі 10 күнге жуық уақытқа жоспарланған. Студенттер үшін құрылған арнайы штабта теориялық білімімізді тәжірибе барысында шыңдап жатырмыз. Әрі ел басына туған қиын шақта қолдау көрсету – азаматтық борышымыз-дейді ол.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы әкімдігінің бастамасымен Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге арнайы штаб құрылды. Жұмысқа қажетті барлық техникалармен жабдықталып, тәжірибеден өтіп жатқан студенттерді жеткізу жағы да қарастырылған.