Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Білім > Профессор өз тәжірибесімен бөлісті

Профессор өз тәжірибесімен бөлісті

Жұбанов университетінің докторанттары ғалым, әлеуметтік лингвист, КИМЭП университеті білім және гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры әрі деканы, PhD Жұлдыз Смағұловамен кездесті.

Кездесу барысында Жұлдыз Смағұлова тілді оқыту әдістемесі жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ отандық ғылымның дамуы, ғылыми баспаларда мақалаларды жариялау, еліміздегі тілдік жағдаят туралы мәселелерге тоқталып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.