Суббота, Июль 20, 2024
Басты > Білім > Қазақ тілі курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

Қазақ тілі курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

«Күміс университет» жобасы аясында ұйымдастырылған қазақ тілі курсының тыңдаушыларына сертификаттар табысталды.
Курста қазақ тілінің қарапайым, базалық, орта деңгейлік топтарында 40 жастан асқан 20 тыңдаушы қатысты. Қатысушылардың арасында өзге ұлт өкілдері де бар.

5 аптаға бойы тілдік курсты университетіміздің «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының оқытушылары жүргізді.
Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы «Өмір бойы оқу» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында биылғы оқу жылы «Күміс университет» жобасы аясында цифрлық сауаттылық, құқықтық, қаржылық, шет тілі (ағылшын), вокал, тігін секілді курстарда 70 тыңдаушы біліктілігін арттырып, сертификатқа ие болды.

Жиын соңында курс бітірушілері университет ұжымына ризашылығын білдірді.