Воскресенье, Июль 14, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Дипломатиялық байланыс нығая түседі

Дипломатиялық байланыс нығая түседі

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты

Астана қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде талқыланған мәселелер, қазіргі әлемдегі орын алып отырған геосаяси жағдайлармен тығыз байланысты. Ең маңызды мәселе — Президент атап көрсеткен жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту. Осы бағытта бірігіп шешетін мәселелер аз емес. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі ахуал, негізінен, халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс салдары екенін айтып, бұл ретте халықаралық құқықтың кемшін тұстарын түзеп, геосаяси тұрғыдан жікке бөлінуге жол бермеу мақсатымен, түптеп келгенде, жаһандық ауқымдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаздық рөлін күшейту қажеттігін алға тартты.

Мемлекет басшысы айтқандай, геосаяси тұрғыда жікке бөліну ешкімге де пайда әкелмейді. Мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігі, бейбітшілік, елдер арасындағы дипломатиялық байланыс, сауда, экономика, туризм, технология, ғылым саласындағы байланыс үшін бұндай ұйым ауадай қажет.

Қазақстан ауылшаруашылық және басқа да салалар бойынша көрші елдерге ішкі өнімді көбірек шығарғысы келеді. Бұл өте маңызды. Ал өнімді шығару үшін бірнеше мемлекетпен экономикалық, сауда байланысын күшейту қажет.  Туризм, ғылым тағы бар. Ауылшаруашылық өнімдерін сыртқа шығару елдегі бизнестің дамуына әсер етеді. Қазақстан ШЫҰ-на төрағалық ету кезінде 150 шара өткізген. Соның көбі цифрлық даму, туризм, энергетика саласымен байланысты. Бұл жолғы Астана саммиті мемлекетіміздің елдер арасындағы бейбітшілік, келісім мен экономикалық байланысты нығайтудағы рөлін салмақтай түседі.

//aqtobegazeti.kz/