Британдық университеттің операциялар бөлімінің басшысы Тим Бернс және академиялық ағылшын тілі бөлімінің басшысы Пав Драбко Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына келді.
Шотландиялық серіктестердің Ақтөбеге келудегі мақсаты — Heriot-Watt университетінің оқыту сапасын бақылау және емтихандарды Heriot-Watt университетінің стандарттарына сай өткізуді қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда шетелдік әріптестер емтихан тапсырмаларын бағалау процесін ұйымдастыруға көмектесу мақсатында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен тығыз жұмыс істеуде.
Heriot-Watt емтиханын өткізу бойынша нұсқаулық келесі бөлімдерді қамтиды: «Емтихан материалдары және қауіпсіздік», «Емтихан тапсырушыны бақылау», «Емтиханға дейінгі және кейінгі әрекеттер».
Айта кетейік, шетелдік әріптестер Ақтөбе кампусындағы емтихан процесіне тікелей қатысады. Сондай-ақ бұл Heriot-Watt Ақтөбе кампусындағы бірінші курс студенттері үшін соңғы емтихан.