Воскресенье, Сентябрь 15, 2024
Басты > Жастар саясаты > Өңір басшысы белсенді жастармен кездесті

Өңір басшысы белсенді жастармен кездесті

Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен Ақтөбе облысы әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Басқосуға қаламыздағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдардың білім алушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Жұбанов университетінің белсенді жастары қатысты.

Облыс әкімі кездесуде жастардың қоғамдағы рөлінің маңызды екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан және өңірде жастардың жан-жақты дамуына, білім алуына жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Жиында жас мамандар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде баспанамен және жұмыспен қамту, білім алу мүмкіндігін кеңейту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды. Ақтөбе облысындағы жастар саясатының жүзеге асырылуы, «AQTOBE JASTARY» жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан істердің есебі тыңдалды. Кеңес отырысына қатысқан жастар тарапынан қойылған сұрақтар мен  ұсыныстар негізінде  жүйелі іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Сондай-ақ, жиын қорытындысында өңірдің және жастар саясатының дамуында белсенді үлес қосып жүрген бірқатар жастар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.