Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік педагогтар латын тіліне көшуді қолдайды

Ақтөбелік педагогтар латын тіліне көшуді қолдайды

Ақтөбелік педагогтар «латын әліпбиіне көшу уақыт талабы» дейді. Сондықтан бұл бастаманы бір ауыздан қолдап отыр.

Әлемдік кеңістікТе өзара ынтымақтастықты дамытып, ауызбірлікті нығайтуға септігін тигізетінін айтады. Оқытушылардың пікірінше, жаңа әліпбиге көшу аса қиындық туғызбайды. Себебі, латын әріптері шет тілін меңгерген көпшілікке таныс. Қазақ тілін латын әріпімен жазу түркі әлемімен де қарым-қатынас жасауға қолайлы.

Алмагүл Ағышева, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ оқытушысы:

— 20-ғасырдың басында қазақ тілі латын әліпбиімен жазылып жүрді. Алайда тарихи кезеңдерге байланысты кириллицаға көштік. Енді сол кезіндегі әліпбиге қайта көшу заңдылық. Ғылыми әдістемелік шығармалар мен оқу-ағарту әдебиетін латынға көшіру бұл тарихи шартты кезең деп ойлаймын.

источник