Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > «Нұрсұлтан Назарбаев – болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітабының тұсаукесері

«Нұрсұлтан Назарбаев – болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» кітабының тұсаукесері

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) дайындаған «Нұрсұлтан Назарбаев – болашаққа бағдар: рухани жаңғыру (мақалалар, сұхбаттар, сарапшылардың пікірлері және анықтама-сараптамалық материалдар)» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Іс-шараға кітап материалдарының авторлары, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қазақстанда да, шетелде де үлкен қызығушылық тудырып, кең ауқымда талқыланды. Кітапқа танымал саяси және қоғам қайраткерлері, республиканың және шет елдердің ғылыми-сараптамалық қауымдастығы өкілдерінің мақалалары, сұхбаттары, сөйлеген сөздері кірген. Сонымен қатар кітапқа ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Мемлекет Басшысы мақаласының негізгі бағыттары бойынша дайындалған анықтама-сараптамалық және әдістемелік материалдарды қосылған.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Шәукенова Зарема Кәукенқызы өз сөзінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын, мазмұны мен оның негізіндегі қойылған міндеттердің ауқымдылығын атап өтті. Құжат Қазақстан тарихының шежіресіне жазылған. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің 15 желтоқсанда жария еткен «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабында рухани жаңғыру – жаңғыру үдерісінің негізгі бағыты екендігі туралы айтады. Елбасы «Рухани жаңғыру» бұл жаңа, жасампаздық дәуіріне көшудің негізі деп көрсетеді.

З.К. Шаукенова «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бір жағынан жаңару үдерістері – саяси реформалар мен экономикалық жаңаруға бастама болған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы Қазақстан халқына жолдаудың мазмұндық жалғасы болғандығын атап өтсе, екінші жағынан – бұл саяси және экономикалық өзгерістердің негізінде қоғамдық сананы жаңғырту болатын Қазақстанның алға жылжып дамуының айрықша бастауы болып табылады.

Мемлекеттің келешегі Қазақстан азаматтарының ұлттық бірігуімен тікелей байланысты, сондықтан Елбасы «Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетінімізге байланысты» деді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор

Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлының пікірінше, аталынғанкітап уақтылы шығып отыр, өйткені қазір қоғамда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын терең түсіну, түйсіну үдерісі жүріп жатыр. Сондықтан да оны терең түсінуге қатысты ғылыми ұстаным қажет. Ғ.Т. Телебаев сонымен қатар кітаптағы танымал қазақстандық философтар А. Айталы, Ж. Әбділдин және Р. Әбділдинаның «Рухани жаңғыру» тұрғысынан алғанда қоғамның моральдық және рухани құндылықтарына негізделген мақалаларына баса назар аударды.

Сарапшы, саясаттанушы Саясат Нұрбек Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазіргі таңдағы модернизация және институционалдық экономика теориясындағы соңғы зерттеулер аясында маңызды деп атап өтті. Бүгінде жаңғырудың негізгі міндеттерінің бірі «жаңғыртулық» құндылықтарды анықтау және қалыптастыру, тәуелділіктің психологиясынан, патернализмнен құтылу, прогрессивті іскерлік мәдениетті қалыптастыру, табысқа деген мотивациядан және ұтқырлықтан тұрады.

«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау мен стратегиялық зерттеулер орталығының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Кучинская Юлия Владимировна өз

сөзінде аталыған кітаптың болашақтық сценарийлерді болжау жағдайында форсайт зерттеулер көзі ретінде пайдалану маңыздылығы үлкен екендігіне тоқталды. Кітапта қазақстандық қоғамның жүйелік жаңғыруы тұрғысындағы даму мүмкіндіктері туралы отандық және шетелдік сарапшылардың пікірлері жинақталған. Бұл тұрғыдан алғанда жаңғырту, дәстүрлер және дамыту идеялары көрініс тапқан Аймақтық қиындықтар институтыяның (Ресей) директоры Дмитрий Журавлевтің мақаласы қызығушылық тудырады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы,  PhD Жолдыбалина Алуа Серікқызы мәдени жаңғыру үдерістерінің ерекшелігіне баса назар аударды. Сонымен қатар ол «Рухани жаңғырудағы» мәдениеттің маңызы мен мәніне басқа да ҚСЗИ қызметкерлері – М. Нұрғалиева, Ю. Булуктаев, Л. Қаратаева, және саясаттанушы А. Казанцев, ресейлік сарапшы Ю. Кофнер, саяси ғылымдарының докторы А. Бижанов, профессор Ә. Дербісәлі, Мәжіліс Төрағасының орынбасары В. Божко өз мақалалары мен сұқбаттарында назар аударғандығын атап өтті.

Аталынған ой-түйіндермен және басқа да қоғамдық қайраткерлердің, ғалымдардың, сарапшылардың пікірлерімен көпшілік назарына ұсынылған кітаптан таныса аласыздар. Кітаптың мәтінімен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ – www. kisi.kz сайтында танысуға болады.

источник