Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > ЖИТС-ке қарсы айлық аяқталды

ЖИТС-ке қарсы айлық аяқталды

Облыстық деңгейде ЖИТС-ке қарсы ұйымдастырылған бір айлық шара төңірегінде университетіміздің шетел тілдері факультеті де атсалысты.

Ғасыр дертімен күреске орай факультетте тәрбие сағаттары, пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер, «Болашаққа жарқын қадам жаса» атты акция ұйымдастырылды. Акцияда АИТВ/ЖИТС-тен қорғану мен бұл дерттің қандай кезде жұғатыны туралы жазылған брошюралар таратылып, студенттермен біраз маңызды шаралар қолға алынды. Студенттерден сұқбат алынып, видеоролик те түсірілді.

Сонымен қатар ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөнінде ЖИТС орталығының маманы Самал Мұханбетжановамен кездесу өтті.

Ондағы басты мақсат — студенттерге АИТВ/ЖИТС дертінің алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсілдері туралы жеткілікті ақпарат беріп, түсіндіру.

Сондай-ақ, Студенттер сарайында ЖИТС туралы толық метражды деректі фильм көрсетілді.

Шетел тілдері факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Баядилованың айтуынша, қарашаның 16 мен желтоқсанның 16 аралығында өткізілген ғасыр дертіне қарсы шараларға студенттер бірауыздан белсене атсалысты.