Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Студенттер семинар-тренинг өткізді

Студенттер семинар-тренинг өткізді

Жұбанов   университетінің  физика — математика  факультетінің «Жас  педагог»  мектебі  ұйымдастырған семинар-тренинг мамандықты дұрыс таңдай білу мәселесі төңірегінде өрбіді.    «Математика», «Физика», «Информатика» мамандықтарының 1-2 курс студенттері арасында «Мамандығым-мақтанышым» атты  семинар-тренинг өтті.

Студенттер  ең алдымен не үшін педагог мамандығын таңдағандары туралы ой қозғап, таңдаған мамандықтарының ерекше қырларына да тоқталды. Сондай-ақ, студенттер мамандық таңдауда қалай қателеспеу керек, ол үшін не істеу қажет, қандай жолдары бар деген сұрақтарға жауап іздеді.

Семинар-тренингке қатысқан кафедра оқытушылары өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық таңдау мен оны игере білу жолдарын, әдіс-тәсілдері жайында жастарға кеңінен айтып өтті.