Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «With love from INYAZ» атты кеш өтті

«With love from INYAZ» атты кеш өтті

Шетел тілдері факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен «With love from INYAZ» тақырыбында кеш өткізілді. Мерекелік шара барысында «Көңілді тапқырлар» тобы, «Бишілер» тобы өнерлерін көрсетіп, кеш қонақтарына фуршет ұйымдастырылды. Жатақхана студенттері «Біз-бір отбасымыз!» деген үндеумен стенд және бейнеролик дайындап, өздерінің бір отбасы екендіктерін көрсетті.

Кеш соңында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің директоры Жайнагүл Қартбаева сөз сөйлеп, кештің жоғарғы деңгейде өткізілгеніне тоқтала отырып, жатақхана студенттері арасында ұйымдастырылған волейбол ойынынан өткізілген жарыстан бас жүлдені иеленген «Жастар» командасын марапаттады.