Четверг, Март 28, 2024
Басты > Білім > Университет студенттері қытай халық республикасына барды

Университет студенттері қытай халық республикасына барды

Іле педагогикалық университетінде (ҚХР) Қ.Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Шетел тілдер факультетінің «Аударма ісі» және «Ағылшын тілі филологиясы» мамандығының студенттері Диана Елшекенова, Меруерт Калмакова және Венера Қабылова академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып келді.

Студенттер ҚХР-да оқу барысында Құлжа провинциясының экономикасы мен мәдениетімен танысты. Сонымен қатар, унверситет студенттері сапар барысында  серіктес жоғары оқу орнында өздерін жақсы көрсете білді.

Сондай-ақ, Академиялық ұтқырлық бөлімі 2017-2018 оқу жылының күзгі семестрінде филология факультетінің 12 студентін Іле педагогикалық университетіне оқуға жіберуді жоспарлап отыр.