Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Жаңалықтар > «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған облыстық мәжіліс өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған облыстық мәжіліс өтті

Бүгін университеттің конференц-залында Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жүзеге асырылуы, Ақтөбе облысында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының орындалу барысы туралы сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Мәжіліске қаламыздағы жоғары оқу орындары мен басқа да ұйымдардың өкілдерінен  құралған сараптама кеңесінің 17 мүшесі, сонымен қатар профессор ғалымдар мен   БАҚ өкілдері қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты – Сараптамалық  Кеңесі мүшелерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының іске асырылу барысымен таныстыру, Ақтөбе облысы білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарларды белгілеу.

Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасының 2017 жылы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды. Баяндамашы Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Руслан Ғалымжанұлы Бегімбетов өз сөзінде бүгінгі күні 29 іс-шарадан тұратын ірі  6 жоба, 18 іс-шарадан тұратын 5 кіші жоба, ауқымды 3 іс-шара жүзеге асырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының мақсатты көрсеткіштеріне тоқталып, «Өлкетану», «Отаным», «Саналы азамат» базалық бағыты бойынша сөз қозғады. Руслан Ғалымжанұлы облыстағы білім беру мәселелерін талдай келе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңдері үшін жаңа жоспарларын да тілге тиек етті.

Сондай-ақ, мәжіліс барысында Сараптамалық Кеңес болашақта мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің сандық және сапалық көрсеткішін көтеру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша жұмыстарды мектептер мен колледждерде белсенді жүргізілуі мәселелері жөнінде сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.