Четверг, Октябрь 6, 2022
Басты > Жаңалықтар > Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінің 2017 жылғы 22 желтоқсанда өткен Аккредиттеу Кеңесі университетіміздің 10 білім бағдарламасын 5 және 3 жылдарға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады.

Осы жылдың 28-30 қараша аралығында аталған Агенттік тарапынан құрылған сыртқы сарапшылар тобы университетіміздің:

5В060200-Информатика

5В060600-Химия

6М060200-Информатика

5В030100-Құқықтану

5В050700-Менеджмент

5В051100-Маркетинг

6М051100-Маркетинг

5В010600-Музыкалық білім

5В020700-Аударма ісі

5В040900-Хореография білім беру бағдарламаларына мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізген болатын.

Университет ұжымының аккредиттеуге дайындық кезіндегі қажырлы еңбегі, ұжым мүшелерінің іс-шараларды үлкен жауапкершілікпен атқаруы, білім бағдарламаларының жұмыс берушілері мен түлектерінің аккредиттеу рәсімі аясында өткізілген сұхбаттасуға белсенді түрде қатысуы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды.

Аккредиттеуден сәтті өткен барлық мамандықтар ұжымын алған белестерімен құттықтаймыз!

Аккредиттеу және рейтинг бөлімі