Вторник, Март 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте университет оқытушыларының оқу құралдары оң бағасын алды

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте университет оқытушыларының оқу құралдары оң бағасын алды

Жуырда Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Білім» мамандықтары тобы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысына университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Б.С.Абенова қатысып келді. Отырыста оқулықтар мен оқу құралдарының сараптама нәтижелері талқыланған болатын. Бір қуанарлық жағдай университеттен ұсынылған үш жұмыста республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оң пікіріне ие болды. Оларды атап өтетін болсақ:

1. Информатика және физика-математика бағыты бойынша «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының т.ғ.к., аға оқытушы Ж.Қ. Құлмағамбетованың «Web-дизайн» атты оқу құралы;

2. Психология-педагогика бағыты бойынша «Педагогика,психология және бастауыш оқыту» кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушы Б.К.Альмурзаеваның «Учебно-воспитательный процесс в МКШ» атты оқу құралы;

3. Филологиялық бағыт бойынша «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының ф.ғ.к., доценті Б.К.Мұратбек пен ф.ғ.к., доцент А.Қ.Айтбенбетовалардың «Қазақ тілінің практикалық стилистикасы» оқу құралы.

Университетіміздің оқытушыларының жетістіктерімен құттықтай отыра, алдағы уақытта жұмыстарына сәттілік тілейміз!