Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде жаңа әліпбиді түсіндіру жұмыстары басталды

Ақтөбеде жаңа әліпбиді түсіндіру жұмыстары басталды

Жаһандану көшіне ілесіп, әлем елдерімен етене қарым-қатынас жасауда латын әліпбиінің атқарар рөлі зор.

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы Күлзат Садырова: «Жаңа әліпбиге көшу аса қиындық туғызбайды», – дейді. Тек оған көшу кезінде тілдің емле ережесі дұрысталып, табиғи заңдылықтары сақталуы тиіс. Бүгінде оқу ордасының филолог-оқытушылары студенттерге латын әліпбиі туралы жан-жақты ақпар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Күлзат Садырова, Қ.Жұбанов атындағы АМӨУ филология факультетінің деканы:

— Ары қарай қазақтың дыбыстық әуезіне, буын үндестігіне, дыбыстардың өзара ықпалдасуын таңбалауына кәдеге жарайтындай қылып емле ережесін түзету мәселесі тұр. Осыған байланысты жұмыс тобы құрылып жатыр. Әрбір фонетика саласымен айналысатын мамандардың көп тартылуы осы емле ережелерінің дұрыс қабылдануына мүмкіндік береді ғой деп ойлаймыз. Жаңа әліпбиге көшу тәуелсіздіктің тағы бір мәрте бекітілуіне, тұғырының берік болуына жасалған қадам деп есептейміз. Барлық БАҚ құралдарында не үшін көшетініміз түгелдей түсіндірілді. Елдің бәрі қолдап отыр.