Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Сапалы маман даярлау — басты назарда

Сапалы маман даярлау — басты назарда

Уақыт талабына сай сапалы маман даярлау басты мәселе. Бұл туралы бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемелкеттік университетінде болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қадап айтты. Өңір басшысы оқу орнының студенттерге арналған орталықтарының жұмысымен танысып, байқау кеңесін өткізді. Онда, универсиеттің стратагиялық жоспары талқыланды.

Облыс әкімі кеңестен бұрын Жұбанов университетінің жетістіктерін көрді. Оның ішінде студенттерге арналған Смарт орталығы, «Шолпы» ұлттық тәрбие кабинеті, Жұбановтану ғылыми-зерттеу орталығы, хореография залы және музыка бөлмесі  өңір басшысының назарына ұсынылды. Облыс әкімі оқу орнында студенттермен жұмыс істейтін психологтарды көбейту, талапты күшейту керек деді.

Құрамында 11 мүшесі бар байқау кеңесінің отырысы жастардың әлеуметтік әлеуетін талдаудан басталды. Студенттердің материалдық жағдайы жасалғанда ғана олардан білім талап етуге болады. Ол үшін оқу орнының стратегиялық жоспары бекітілген.

Өңірлік университетке Ақтөбедегі кәсіпорындарға қажетті мамандар даярлап шығару міндеті қойылып отыр. «Ең бірінші кезекте еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлануы керек», — деді кеңес мүшелері.

Отырыс барысында облыс әкімі ірі оқу орны үшін басты міндеттерді атап өтті.

Жиында университеттің ішкі аудит қызметінің есебі де тыңдалды. Кеңестің келесі отырысына құзырлы ұйымдардың өкілдері де қатысатын болады.

Әнуарбек Мырзатайұлы

источник