Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті студенті Латвиядағы семестрлік оқуын аяқтады

Жұбанов университеті студенті Латвиядағы семестрлік оқуын аяқтады

Университеттің экономика және құқық факультетінің «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Карина Ордина Рига қаласындағы (Латвия) Балтық халықаралық академиясында халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестрлік оқуын аяқтады. Академиялық кезеңде жеке оқу жоспарына сәйкес Карина  Ордина ағылшын, неміс, латыш, статистика, психология және еуропалық құқық пәндері бойынша білім алды.

Балтық халықаралық академиясы Еуропа елдерінің және Шығыс Азия елдерінің студенттерін дайындайды. Латвиядағы жеке меншік жоғары оқу орны болып табылады. Онда 4500 студент оқиды, оның ішінде академияда көп мәдениетті орта қалыптастыратын Еуропа мен әлемнің 22 елінен 450-ден астам шетел студенттері бар. Академияда 200 оқытушы жұмыс істейді, оның 100-і ғылым докторлары және профессорлар.

Балтық халықаралық академиясы зерттеу процесінде бірегей «Медиа-көпір» жүйесін пайдаланады, бұл шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықта жаңа мүмкіндіктер ашуға жол береді.