Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жаңа кітаптың тұсаукесері

Жаңа кітаптың тұсаукесері

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Ислами жоралғыны шариғатқа сай атқарудың жөн-жосығы жайлы жазылған еңбек қалың жамағатқа таныстырылып, таратылды. Кітап мазмұнында жаназа мен жәрлеу рәсімдерінің бірізді реттілігінен бөлек, садақа дастарқандарында ысырапшылдыққа жол бермеу сынды бірқатар өзекті мәселелер де қатар қамтылған. Шараға қатысқан мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы кітапқа жоғары баға беріп, оның таралымын көбейтудің маңыздылығын атап өтті.  Амангелді Айталының  айтуынша, бүгінгі ысырапшылдық пен бекерге мал шашу сынды көріністер, ретсіз рәсімдер тоқшылық пен тыныштық заманнан ғана туындап отырған жоқ. Өз заманында дәл осы түйткілмен Ыбырай Алтынсарин де күресіп, халықты астамшылықтан тыйып, ысыраптың ырысты қашыратындығын түсіндіріп, жеткізуге тырысқан.

Өкіл имам Төлеби Оспан құнды еңбекте қамтылған мәселелер іс жүзінде еліміздің Ақтөбе, Тараз, Маңғыстау сияқты бірқатар өңірлерінде жүзеге асып, қолдау тауып жатқандығын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» деген тақырыппен Ақтөбеде өткен келелі кеңесте де осы мәселе талқыланды. Нәтижесінде, Ақтөбе облысына ортақ садақа мәзірі қабылданып, мұсылмандардың жерлеу рәсімдерін бірізге түсіру жайлы үндеу жарияланған болатын.

Облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе газеті