Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде ғылыми қызметкерлер тапшы

Ақтөбеде ғылыми қызметкерлер тапшы

Өңірлердегі жоғары оқу орындарында ғылыми қызметкерлер тапшы.

Талапты жастар мен тәжірибелі мамандар негізінен Астана мен Алматы қалаларына шоғырланған көрінеді.
Бұл туралы Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков мәлімдеді. Бұл жағдайды оң арнаға бұру үшін ғылым ордалары аймақтарда жедел шара қолдануға кіріскен.

Мәселен, Ақтөбедегі университет «Серпін» бағдарламасы аясында оқитын студенттерді ғылыми жұмысқа баулуда. Қазіргі таңда оқу орнында 600-ден астам студент осы бағдарлама аясында білім алады. «Болашақта олар міндетті түрде жұмыспен қамтылады» – дейді оқу ордасының ректоры.

Бауыржан Ердембеков, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры:

– Студент кезінен бастап тартуымыз керек. Қазір біз «Start-Up» проектілер дейді ғой. Мына бастама проектілерді жасап, сол бойынша 18 студенттік проектілерге қаржылай ынталандыру сыйлықтарын жасап жатырмыз.

источник