Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жас тарихшылардың ғылыми жүлделері

Жас тарихшылардың ғылыми жүлделері

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті республикалық жоғары оқу орындары арасында «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсын ұйымдастырды.

Оған Қазақстанның 18 жоғары оқу орындарынан 7 бағыт бойынша 75 жұмыс келіп түскен.

Аталмыш байқауға университетіміздің тарих факультетінің студенттері де қатысып, өздерінің біліктіліктерін таныта білді.

Университеттің «Отан тарихы және тарихи пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.С.Бегимбаеваның ғылыми жетекшілігімен «Тарих» мамандығының студенті Руслан Насыров «Мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт» секциясы бойынша І орын иеленді. Студент қорғаған жоба тақырыбы «ХХ ғасыр басындағы қазақ даласындағы «Алаш» қозғалысының қоғамдық-саяси дамуының эволюциясы» деп аталады.

Байқауда «Сананың ашықтығы мен ұлттық бірегейлікті сақтау: мәселелер мен шешімдер» секциясы бойынша «Тарих» мамандығының магистранты А.Б.Турышева өзінің «1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін проблемаларын теориялық-әдіснамалық зерттеу» жобасымен ІІІ орын иеленді.