Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Ел жаңалықтары > «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып Самат Смақов тағайындалды

«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып Самат Смақов тағайындалды

Самат Смақов «Ақтөбенің» басшысы атанды. Смақовты басшы етіп тағайындау туралы шешімді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қабылдады. Бас директор қызметіне бүгіннен бастап кіріседі. Клубтың бұрынғы басшысы Мақсат Тюмалиев қызметінен кетті.

Самат Кабирұлы Смақов – Қазақстанның ең атақты футболшысы, ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген рекордсмен – 76 матч. Самат футбол мансабында «Елімай», «Ертіс», «Қайрат», «Ростсельмаш», «Ақтөбе» және «Ризеспор» командаларында өнер көрсеткен. Смақовтың соңғы клубы – Шымкенттің «Ордабасы» командасы, Самат шымкенттіктердің сапында Қазақстанның қола жүлдегері атанды.

«Ақтөбе» ФК баспасөз-қызметі.

источник