Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Құттықтаулар > Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын!

Бұл Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін де елеулі күн!

Астана — халықтың мақтанышы, біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты нәтижесінде Астана тарихи қысқа мерзім ішінде миллион тұрғыны бар экономикалық және мәдени орталыққа айналды.

Біздің жас астанамыз үздіксіз дами отырып, елімізді алғы күндерге бастауда. Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері сонымен байланысты.

Қазіргі күндері Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне күллі әлемнен жарты миллионнан астам адам қатысты.

Алда бізді көптеген ауқымды жоспарлар мен жобалар күтуде. Бұл үшін әрбір ақтөбелік ортақ Отанымыздың дамуы мен гүлденуі үшін өз үлестерін қосуы тиіс.

Осы мереке күні сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт және ашық аспан тілеймін!

 

Облыс әкімі

Бердібек САПАРБАЕВ.

Ақтөбе газеті