Суббота, Май 15, 2021
Басты > Жаңалықтар > Шетел тілдері факультетінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін талқылаған әдістемелік семинар өтті

Шетел тілдері факультетінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін талқылаған әдістемелік семинар өтті

 

Бүгін шетел тілдері факультетінде «Білім сапасын арттыру мақсатында белсенді оқыту тәсілдерінің рөлі: педагогтің кәсіби құзыреттілігі» атты жалпы университетішілік әдістемелік семинар өтті. Семинарды шетел тілдері факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты К.Б.Коптлеуова ашып берді.

«Аударма ісі» кафедрасының оқытушысы А.С.Тухтарова ««Free quiz maker», «Hypercam» және «Kahoot» бағдарламаларын электронды курстар құруда пайдалану» тақырыбында баяндама оқып, аты аталған бағдарламалар арқылы ағылшын тілі сабақтарын ұйымдастыру жолдарын көрсетті. Аталмыш кафедра оқытушысы А.Б.Баядилова «New methods of presenting the subject» атты баяндамасында семинарға қатысушыларды Сингапур оқыту әдістемесімен таныстырып, сабақта қолданылатын ойын түрлерін көрсетті. «Шетел филологиясы» кафедрасының оқытушылары Г.Г.Төлегенова, Ж.А.Жетесова «Ағылшын тілін оқытуда ассоциограмма және фишбоун әдістерін қолдану» атты баяндама оқып, әдістердің қолданысын түсіндірді.

Сонымен қатар «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының оқытушысы Д.Т.Шанаева ағылшын тілі сабақтарында заманауи интерактивті технологияларды қолдану барысына тоқталып, түрлі ойын түрлерімен бөлісті. «Ағылшын және неміс тілдері» кафедрасының оқытушысы C.Г.Усенова «Modern issues of training methodology and evaluation: learning by teaching (lernen dürch lehren)» тақырыбында сөз сөйлеп, білімімен бөлісті.

Сондай-ақ, семинар барысында филология ғылымдарының кандидаты З.Е.Сулейменова «Білім сапасын арттырудағы жаңа тәсілдер: оқыту және оқу» тақырыбында тренинг өткізді.

Семинарға әдістемелік бөлім мен факультеттерден профессор-оқытушылар қатысты.