Среда, Декабрь 7, 2022
Басты > Білім > Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі!

Дұрыс таңдалған мамандық – болашақтың жарқын кепілі!

Талапкерлер үшін тағы бір жауапты кезең басталады. Олар өздері ұнатқан мамандықтарды таңдап алып, жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуда. Дегенмен оларды «Қайда оқуға барамын?», «Оқуға түсу үшін қандай құжаттар рәсімдеу керек?», «Мемлекеттік грантты иелене аламын ба?» деген мәселелер мазалайтыны сөзсіз. Біз осы сұрақтар төңірегінде жауап алу үшін университетіміздің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұржан Бердыбаевқа жолығып, оны әңгімеге тартқан едік

— Нұржан Мақсатбайұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау қай кезден басталады және оның жұмысы қашан аяқталады?

— Қабылдау комиссиясының жұмысы кезең кезеңмен бөлінген. Жалпы қабылдау комиссиясының жұмысы 20 маусымда басталып, 28 тамызға дейін жалғасады.

— Гранттар қалай бөлініп, қашан белгілі болады?

Мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 23-31 шілде аралығында барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады. Қай мамандыққа қанша грант берілгені туралы мәліметті қабылдау комиссиясынан білуге болады. Талапкерлер өз өтініштерінде 4 мамандықты және 4 жоғары оқу орнын көрсетуге құқы бар . Білім беру гранттарын беру бойынша конкурстық комиссияның кеңесін өткізу 10 тамызға дейін Білім беру гранттарын беру бойынша республикалық конкурстық комиссияның кеңесі өткізіледі, содан кейін республикалық БАҚ-та білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланады және білім грантын беру туралы куәлік беріледі. Бесінші. Жоғары оқу орындарына қабылдау Жоғары оқу орындарына қабылдау 10 -28 тамыз аралығында жүргізіледі, деп хабарлайды edu.gov.kz.

— Биыл ақылы негіздегі оқу туралы не айтасыз? Оқуға түсу барысында пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысушыларға, атап айтқанда одан жүлделі орын алып, арнайы дипломдармен марапатталғандарға жеңілдік бола ма?

— Универсиетіміздің оқу ақысының мөлшерін ҚР Білім және ғылым министрлігі белгілейді. Күндізгі бөлім үшін 343000-443000 теңге болса, сырттай және қашықтан оқыту түрі 180000 -240000 теңге аралығында. Келісім-шарт бойынша оқу ақысын кезең -кезеңімен 25 тамызға дейін 30%, 1 — қаңтарға дейін 70%, 1 -сәуірге дейін 100% төлеу қарастырылған. Уни верситет ректоры Б.Ердембеков тарапынан қолға алынған дарынды жастарды қолдау мақсатында әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Олар: «Алтын Белгі» белгісінің иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың ғылыми, шығармашылық, с порттық жүлдегерлеріне және жеңімпаздарына арналған әлеуметтік жеңілдіктер. Сонымен қатар ТОEFL, IELTS сертификаттарына ие, жарамдық мерзіміне сай студенттерге Қ.Жұбанов атындағы стипендия тағайындауды жоспарлап отыр.

— Шығармашылық мамандықтардың емтихан тапсыру тәртібін айтыңызшы?

— Біздің университетіміздің шығармашылық мамандықтарынаМузыкалық білім, Бейнелеу өнері және сызу, Денешынықтыру және спорт, Хореография, Дизайн мамандықтары жатады. 20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылданады. Шығармашылық емтихандар 8 -13 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық мамандықтарға түсушілер екі шығармашылық емтихан тапсырады және 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Сертификаттағы оқу сауаттылығы (оқу тілі) мен Қазақстан тарихы міндетті пәндері есептеледі. Шығармашылық мамандықтар үшін максималды 120 балл.

— Талапкер өзі тапсырған мамандық бойынша байқау туралы ақпаратты қалай біле алады?

— 23-31 шілде аралығында Мемлекеттік грант бойынша конкурсқа түсіп жатқан талапкер мәліметтері қабылдау комиссиясының ақпараттық
тақтасында күнделікті жаңартылып отырады.

— Болашақ мамандықты таңдар кезде талапкерлердің көбі ата — анасының айтқанына көнеді немесе достарының таңдауын жасайды.
Осы орайда қазір еліміз үшін қандай мамандардың аса қажет екенін айта аласыз ба?

— Мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық және техникалық мамандықтарға грант басқа мамандықтарға қарағанда көп бөлінеді.

— ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша межелі балл биыл қандай болмақ?

— Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ -ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ -ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады. Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер ҰБТ немесе КТ -ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған) бітірушілері қабылданады.

— Ал, ҰБТ және кешенді тестілеуден өте алмаған түлектердің жағдайымен не болады?

— ҰБТ және кешенді тестілеуден өте алмағандар қайта кешенді тестілеуді тапсыра алады. Қайта тестілеуге өтініштер 1-8 тамыз аралығында қабылданып, тестілеу 19-24 тамыз аралығында өтеді. Тамыз айындағы қайта тестілеуге қатысып, межелі балл жинай алмағандар шартты түрде қабылданады. Шартты түрде қабылданғандар үшін қайта кешенді тестілеу
05-12 қаңтарда құжат қабылданып, 20 -24 қаңтарда қайта кешенді тест ілеуден өтеді.

— Мүгедектер, жетімдер және толық емес отбасыдан шыққан жастарға әлеуметік стипендия қарастырылған ба? Егер балдары тең болып қалған жағдайда грант бөлу кезі нде кімдерге басымдық беріледі?

— Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалар мен ата — анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық -әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға болатын жағдайда І және ІІ топтағы мүгедек тердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар. Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі. Сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, І және ІІ гоптағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бал алар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен белгіленген квота бойынша өткізіледі.

— Ауылдық квота бойынша білім гранттарын алу тәртібі қандай?

— Білім беру грантын алу конкурсына қатысушы азаматтар үшін белгіленген қабылдау квоталары өтініш берілген барлық мамандықтарға қолданылады. Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өтк ізіледі.

— Талапкерлерді мазалайтын тағы бір сұрақ жатақхана, әлеуметтік нысандар мәселесі. Бұл туралы не айтар едіңіз ?

— Университетімізде студенттерге спортпен айналысуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Бізде 1135 орындық 2 студенттер үйі; 800 орындық Студенттер Сарайы; 1000 орындық Жастар Сарайы; Студенттік емхана; 2 спорткешені; Ойын залы бар спорттық құрылым; бір мезгілде 48 адам пайдаланатын 6 жолды бассейн; барлық корпустардағы жалпы саны — 720 орындық асхана бар.

— Қабылдау комиссиясына талапкерлер қандай құжаттар тапсыру керек?

— Талапкерлер қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.

— Жалпы, оқуға түсу туралы толық ақпаратты немесе мәліметті қайдан алуға болады?

— Талапкер оқуға түсу туралы ақпаратты қабылдау комиссиясынан білеалады. Анықтама телефоны 8 (71 32) 54 39 74.

— Сөз соңында биылғы талапкерлерге тілегіңіз?

— Алдағы уақытта ҰБТ сынағын сәтті тапсырып, қалаған мамандықтарына оқуға түсулеріне тілектес пін! Біз барлық мектеп бітіруші түлектерін 50 жылдық тарихы бар қара шаңырақ Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-де күтеміз!!!

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Сандуғаш БАЙҒҰЛҚЫЗЫ