Четверг, Апрель 18, 2024
Басты > Хабарландырулар > «Әдістемелік жобалар-2018» байқауының шешуші кезеңі таяу

«Әдістемелік жобалар-2018» байқауының шешуші кезеңі таяу

26.01.2018

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында оқу-әдістемелік бөлім ұйымдастыруымен «Әдістемелік жобалар – 2018» байқауы өткізілуде.

Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1) дайындық кезең — 20.12.2017 — 08.01.2018ж. Әдістемелік жобалар байқауының тұсаукесер таныстырылымы (презентация) үшін байқау материалдарын қабылдау. Дайындық кезеңінде байқауға қатысуға университет профессор-оқытушылар тарапынан 17 жоба ұсынылды.

2) іріктеу кезеңі — 2018 жылдың 09.01 — 12.01.аралығында университет ректорының бұйрығымен іріктеу кезеңінің сараптау комиссиясы құрылып, жұмыс жасады.

Университеттің 04.07.2017 жылғы бекітілген «Әдістемелік жобалар» байқауының Ережесін негізге ала отырып, барлық 17 жобаны іріктеу кезеңінің сараптау комиссиясы тексерді. Ережедегі іріктеу кезеңінің бағалау өлшемдеріне сәйкес, әрбір қатысушының ұсынған жобасы бағаланды. Жобаларды тексеру барысында мазмұны мен құрылымындағы ережеге және талаптарға сәйкес келмеген жобалар қорғауға жіберілген жоқ. Сараптау комиссиясының шешімімен 10 қатысушы келесі кезеңге жобаны қорғауға жіберілді. Келесі кезеңге қорғауға жіберілген жобалар ең жоғары — 40, ең төменгі – 24 ұпаймен бағаланды. Жобаны қорғауға жіберілген оқытушылардың ұпайлары төмендегідей:

1. Тоғайбаева Айгүлден Кадировна – 40

2. Койшыгулова Гулшат Умирбековна – 37

3. Рамазанова Динара Жубанышевна – 32

4. Князова Гулсайран Жаксыбаевна,Есберген Раушан Әкімгерейқызы, Есжанова Эльмира Жубахановна – 32

5. Уәйіс Әлия Аязбайқызы — 30

6. Еспенбетова Айнагүл Мейрамбекқызы — 27

7. Кущанова Айнур Нурасловна – 27

8. Жиембаев Асан Шерденович – 27

9. Бузова Ольга Васильевна – 24

10. Агишева Алмагуль Абилкаировна — 24

3) қорытынды кезең: 2018 жылдың 26 қаңтарында іріктелген жобаларды қорғау презентациясы өткізіледі.