Бұл туралы филология факультетінде Ақтөбе облысының 9-11 класс оқушылары арасында «Орыс тілі мен әдебиеті» пәнінен өтіп жатқан олимпиада барысында байқалды. Жақында олимпиаданың екінші кезеңі өткізілді. Пәндік олимпиаданы өткізудің басты мақсаты – мектеп оқушыларының теориялық және практикалық білім деңгейін анықтау, оқушылардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамытып, орыс тілі мен әдебиеті мамандығына кәсіби қызығушылығын арттыру.
Бірінші тур онлайн-режимде өткізілді. Жоғары балл алған №17, №28, №60, Ембі №7 орта мектеп оқушылары екінші кезеңге өтті.
Екінші турда оқушыларға эссе жазу тапсырмасы берілді. Екінші кезең нәтижесінде №28 орта мектебінің 11 класс оқушысы Алина Раздольская, Ембі №7 орта мектебінің 11 класс оқушысы Жұлдыз Есенова, Ақтөбе қаласындағы №17 орта мектебінің 9 класс оқушылары Ангелина Лукьянова және Ангелина Гончаренко, Аружан Кулмагамбетова, №60 орта мектебінің 9 класс оқушысы Ақбота Сейілхан жоғары нәтиже көрсетіп, ақтық кезеңге жолдама алды.
Ақтық кезең 2018 жылдың 28 наурызында өтеді.