Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Білім > Кәсіби бағдар спорт мектебінде өтті

Кәсіби бағдар спорт мектебінде өтті

Университеттің кәсіби-шығармашылық факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Ақтөбе қаласындағы №4 облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебіне кәсіби бағдар жұмыс мақсатымен барып келді. Баланың жасөспірім шағынан болашақ мамандығын таңдап, соған бейімделіп өсуі үшін кәсіби бағдар жұмыстарының маңызы зор.

Аталған мектеппен кафедра арасында байланыс тығыз орнатылған. Кәсіби бағдар беру тобын кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Ботағариев бастап барып, мектеп оқушыларына мамандық жайында кеңінен ақпараттар берді. Оқушылар назарына университет жайында көрме ұсынылды. Кафедраның аға оқытушысы С.С.Гурбан «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын игерудің қыр-сырымен бөлісті.

Мектеп директоры Б.Е.Енсепбаев кәсіби бағдар берушілерді жылы қарсы алып, мектеп жұмысы және оқушылардың спорттық жетістіктерімен таныстырып өтті.