Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ақтөбе облысы мектеп мұғалімдерін сертификатпен марапаттау рәсімі

Ақтөбе облысы мектеп мұғалімдерін сертификатпен марапаттау рәсімі

2017 жылдың шілде айының 5-і күні Студенттер сарайында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті негізінде Ақтөбе облысының мектеп мұғалімдерін және университеттің профессор- оқытушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Үш ай көлемінде өткізілген ағылшын тілі біліктілікті арттыру курсына физика, химия, биология, информатика пәндерінің 66 мұғалімі қатысты.

Назарбаев Университеті жоғары білім беру мектебі ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсының түлектері, жалпы білім беретін мектептер арасындағы жаратылыстану-математика бағытында білім беретін профессор-оқытушылар құрамының ағылшын тілдік дағдыларын, пәндік терминдер және академиялық тілдерін дамытты.

Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің деканы Аида Сагинтаева өз құттықтау сөзінде түлектердің білім беру жүйесінде өзгерту агентіне (Change agents) айналатынына және үштілдікті енгізу бойынша мемлекеттік бағдарламаға үлкен үлес қосатынына, бәсекеге қабілетті жастарды даярлайтынына сенімін білдірді.

Сондай-ақ, шара барысында курс ұйымдастырушысы А.Қ.Агисбаева мен әдіскер М.Ж.Тәңірбергенова курсты бітірушілерді құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.
Шара соңында Ақтөбе қаласының білім басқармасының бастығы орынбасары С.К.Жаржанов салтанатты түрде арнайы сертификаттар табыстады.