Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Теория мен тәжірибені ұштастыру

Теория мен тәжірибені ұштастыру

Дуальды білім беруді дамыту. Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. Осы сұрақтар бүгін өткен әдістемелік  семинарда талқыланды. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен өткен шараға  университет ректоры,  жұмыс берушілер, «Даму» қоры мен мемлекеттік орган өкілдері шақырылды.

Облыстық әдістемелік  семинарда педагогикалық емес мамандықтардың студенттері мен магистранттары үшін өндірістік тәжірибені ұйымдастырудың жолдары ұсынылды.

Мамандардың айтуынша, білім беру процессін практикамен байланыстыра отырып, жоғары білікті мамандар даярлау  бүгінгі күннің талабы.

Практикалық сабақтарды өндіріс базасында ұйымдастыруды   Ақтөбенің жоғары, орта арнаулы  оқу орындары  жақсы үрдіске айналыдырып келеді. Диплом алған түлектің  бірден жұмысқа орналасуы да  біраз жеңілдейтіні белгілі.

Шара  кезінде  «Цифрлық Қазақстан», криптоаймақ, майнинг бойынша шеберлік дәрістер берілді. Семинар соңында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен 5 компания арасында дуальды оқыту бойынша келісім шарт жасалды.

Ұлағат Арғынұлы

источник