Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әдеби олимпиаданың екінші кезеңі аяқталды

Әдеби олимпиаданың екінші кезеңі аяқталды

Мектеп оқушыларының теориялық және практикалық білім сапасын анықтау, шығармашылық өсуін қолдау мен белсенділіктерін арттыру, ой-қабілеттерін дамыту және оларды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына кәсіби бағыттау мақсатында филология факультетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы жанында құрылған ұйымдастыру комитеті Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 9, 10, 11 класс оқушылары арасында олимпиаданың ІІ кезеңін өткізді. Екінші кезең – аудиоклоуз тапсырмаларымен жұмыс (мәтін тыңдау, мәтін мазмұны бойынша берілген тапсырмаларды орындау) және эссе жазудан тұрды.

Бұл кезеңнен жоғары балл алған оқушы үшінші кезеңге, яғни 2018 жылдың 27 наурызында университет базасында болатын интеллектуалдық сайыс конкурсына қатысуына мүмкіндік алды. Екінші кезең қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласынан 4 оқушы, Ойыл ауданынан 3 оқушы, Мұғалжар ауданынан 3 оқушы, Шалқар ауданынан 4 оқушы үшінші кезеңге өтті.